«Полиция Петропавл қаласының 52 жастағы тұрғынының өліміне әкеп соққан, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиға 7 ақпанда жеке үйлердің бірінде болған. Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда», — деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қызылжардағы қылмыс: жас келіншек көңілдесін теледидардың пультімен ұрып өлтірді
Фото: ЖИ Петропавл қаласында әйел адам көңілдесін теледидардың пультімен ұрып өлтірді, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, спирттік ішімдік ішкен соң екеуінің арасында жанжал туындаған. Жігіт әйелге күш көрсеткеннен кейін, ол қарсы әрекет

Петропавл қаласында әйел адам көңілдесін теледидардың пультімен ұрып өлтірді, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, спирттік ішімдік ішкен соң екеуінің арасында жанжал туындаған. Жігіт әйелге күш көрсеткеннен кейін, ол қарсы әрекет жасап, қолына теледидар пультін алып, көңілдесінің басынан бірнеше рет соққы жасаған.
Оқиға кезінде үйде қонақта болған 35 жастағы танысы болғаны анықталды. Әйел ер адамды ұрып-соққан соң, екеуі ішімдік ішуді жалғастырған. Тек келесі күні ғана олар ер адамның жағдайы ауыр екенін және медициналық көмек қажет екенін түсінген.
Аурухана дәрігерлері шамамен екі апта бойы науқастың өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Еркебұлан Тоқтар оқырманының еміне гонорарынан 50 мың доллар аударды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«Жаным жай таппай.. »: Гүлзира Айдарбекова белгілі блогердің ота үстелінде көз жұмғанын жеткізді
Айдар Керім·

Оқиғалар
Келімсектің кесірі: мас шетелдік Алматы әуежайын қиратып кетті
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті
Айдар Керім·