Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия мен Испания құрамалары өзара кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы «Даллас Стэдиумда» өткен тартысты ойында қос команда ұзақ уақыт бойы есеп аша алмады. Алайда матчтың соңына қарай Испания жеңіс голын соғып, кездесуді 1:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Бұл матч көпшілік күткен Криштиану Роналду мен Ламин Ямальдың текетіресі ретінде бағаланды. Португалия сапында Роналду негізгі құрамда алаңға шықса, Испания бапкері алдыңғы ойында Австрияны жеңген құрамын өзгертпеді.

Осылайша Испания әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Енді испандар келесі кезеңде АҚШ пен Бельгия арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.