Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Сербия Президентін әуежайдан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Александр Вучичтің Қазақстанға

Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Сербия Президентін әуежайдан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда.
Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Саудовский принц умер в отеле Лондона: причиной смерти назвали сочетание алкоголя и наркотиков
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Шымкенте прошло предварительное заседание по делу об убийстве Нурай Серикбай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Токаев поздравил Мирзиёева и обсудил с ним перспективы партнерства
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Семее годовалый ребенок погиб после падения из окна
Жаннұр Еділбаева·