Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шықты

UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың отбасы қатысқан жол-көлік оқиғасынан кейін оның әйелі мен ұлы Шу қалалық ауруханасынан шығарылып, Алматыға аттанды. Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Жәбірленушілер тиіст

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шықты

UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың отбасы қатысқан жол-көлік оқиғасынан кейін оның әйелі мен ұлы Шу қалалық ауруханасынан шығарылып, Алматыға аттанды. Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Жәбірленушілер тиісті қолхат жазып, Шу қалалық ауруханасынан шығарылып, Алматыға кетті. Медициналық мекемеге ешқандай шағымы жоқ», – делінген басқарманың ресми хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Шавкат Рахмонов жүргізген көлік апатқа ұшырап, екі адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар тексеріп жатыр.

Ұқсас материалдар

Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шықты · Todayinfo