Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, деп хабарлайды Todayinfo. ҚМА мәліметінше, «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті за

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, деп хабарлайды Todayinfo.
ҚМА мәліметінше, «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылған. Тінту кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойған. Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.
Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.
Қазір ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·