Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Швёнтек Римдегі WTA турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтек Римдегі WTA-1000 турнирінің келесі кезеңіне өтті. Ол екінші айналымда Кэти Макнеллиді жеңді.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Швёнтек Римдегі WTA турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтек Римдегі WTA-1000 турнирінің екінші айналымында америкалық Кэти Макнеллиді жеңді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Польшалық теннисші қарсыласын екі сетте, 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Матч бір сағат жиырма минутқа созылды.

Макнелли әлемдік рейтингте 63-ші орында тұр. Бұл Швёнтектің биылғы маусымдағы Римдегі алғашқы жеңісі.

Келесі кезеңде Швёнтек Юлия Путинцева мен Ангелина Калинина арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Ұқсас материалдар

Швёнтек Римдегі WTA турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті · Todayinfo