2025 жылдың 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматы қаласындағы "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңдері өтті. Бұл жарысқа әлемнің 18-ден астам елінен 100-ден аса үздік спортшылар қатысты. Жарыс нәтижесінде Қазақстандық спортшылар да жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық аренада өздерінің мықты дайындықтарын дәлелдеді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыстың басты нәтижелері
Могул сайысы: Ерлер:- Mikael Kingsbury (Канада)
- Daeyoon Jung (Корея)
- Ikuma Horishima (Жапония)
- Tess Johnson (АҚШ)
- Jaelin Kauf (АҚШ)
- Rino Yanagimoto (Жапония)
- Mikael Kingsbury (Канада)
- Ikuma Horishima (Жапония)
- Matt Graham (Австралия)
- Jaelin Kauf (АҚШ)
- Rino Yanagimoto (Жапония)
- Анастасия Городко (Қазақстан)
- Xindi Wang (Қытай)
- Noe Roth (Швейцария)
- Guangpu Qi (Қытай)
- Laura Peel (Австралия)
- Mengtao Xu (Қытай)
- Danielle Scott (Австралия)
Халықаралық жарыстар мен Қазақстандағы қысқы спорттың дамуы
Алдағы уақытта фристайл бойынша Әлем Кубогының финалдық кезеңдері 11-13 наурыз аралығында Италияның Ливиньо курортында өтеді. Бұл кезең Милан-Кортинодағы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін маңызды ұпайлар береді. FIS өкілдері мен спортшылар Алматыдағы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Мұндай жарыстар елімізде туризм мен қысқы спорт түрлерінің дамуына оң ықпал етеді. Шымбұлақ тау-шаңғы курорты халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге қолайлы алаңға айналып келеді. Қазақстанда қысқы спорт түрлерін насихаттау мақсатында тау шаңғысы, сноуборд және фристайл бағыттары бойынша инфрақұрылым дамытылып, жас спортшыларға мүмкіндік беріле бастады. 2025 жылы елімізде 6 Әлем Кубогы кезеңі, Әлем чемпионаты, Юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты және Азия Кубогы өткізілмек.Қазақстандық төрешілердің халықаралық деңгейге шығуы
Халықаралық жарыстар тек спортшылардың ғана емес, қазақстандық төрешілердің де дамуына септігін тигізуде. Қазіргі таңда Қазақстанда фристайл бойынша үш халықаралық төреші жұмыс істейді. Сондай-ақ, "Шымбұлақ" курортының операциялық директоры Александр Руденко жақында фристайлдан FIS техникалық делегатының лицензиясын алды. Жарысты ұйымдастырушылар:- Қазақстан Республикасының Ұлттық Шаңғы Ассоциациясы
- "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
- Алматы қаласының әкімдігі
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті
- "Самұрық-Қазына" АҚ
- "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры"




