Todayinfo.kz
ЭкономикаБарлық жазбаларды қарау

Шымкенте мектеп директоры 7 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған - Прокуратура

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады. Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында № 73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткіз

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Шымкенте мектеп директоры 7 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған - Прокуратура
Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында № 73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген. Одан бөлек, жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды (өлі жандар).
«Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», — деп жазды Тұран ауданының прокуратурасы.
 

Ұқсас материалдар