Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Сол маңда жатыр: көріпкел Атырауда қастандықпен өлтірілген ерлі-зайыптының қыздары да мерт болғанын мәлімдеді (ВИДЕО)

Атырауда із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты болжам жасаған белгілі экстрасенс Камрян Самедов бұл іске байланысты көңіл көншітпейтін мәлімет айтқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбілқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Журналистің мәліметі

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Сол маңда жатыр: көріпкел Атырауда қастандықпен өлтірілген ерлі-зайыптының қыздары да мерт болғанын мәлімдеді (ВИДЕО)
Атырауда із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты болжам жасаған белгілі экстрасенс Камрян Самедов бұл іске байланысты көңіл көншітпейтін мәлімет айтқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбілқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Журналистің мәліметінше, экстрасенс жоғалған отбасыға қатысты үміт сыйлайтын ешқандай дерек келтірмеген. Айтылған ақпараттың мазмұны тым ауыр болғандықтан, оның толық нұсқасы көпшілікке жарияланбаған.
"Белгілі экстрасенс Камрян жоғалған отбасы жайлы жағымды ештеңе айтпады. Қорқынышты… Мұндай ақпаратты жұртқа жеткізуге менің де жүрегім дауаламады", – деп жазды журналист.
Сонымен қатар, көріпкел Айгүл де бұл оқиғаға қатысты өз болжамын білдірген. Оның айтуынша, қыз баланың сол аумақтан табылуы мүмкін.
"Кеше қаралы хабарды естідім, иманды болсын. Менің көруімше, қыз бала да сол маңда. Қазір үш адамды көріп тұрмын. Ал ер балаға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын", – деді ол.
 

Ұқсас материалдар

Сол маңда жатыр: көріпкел Атырауда қастандықпен өлтірілген ерлі-зайыптының қыздары да мерт болғанын мәлімдеді (ВИДЕО) · Todayinfo