Todayinfo.kz
Степногорск қаласыБарлық жазбаларды қарау

Степногорскіде сайлау комиссиясының отырысында өзекті мәселелер қаралды

Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері қатысып, өткен жылғы қызметтің негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды талқылады. Отырыста алдымен 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Коми

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Степногорскіде сайлау комиссиясының отырысында өзекті мәселелер қаралды

Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері қатысып, өткен жылғы қызметтің негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды талқылады.

Отырыста алдымен 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Комиссия мүшелері сайлау науқандарын ұйымдастыру барысында жинақталған тәжірибені, заңнама талаптарының орындалуын және сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында атқарылған шараларды атап өтті.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі азаматтардың сайлау құқықтарын толық іске асыруға жағдай жасау болды. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру процесіне тең әрі кедергісіз қатысуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Бұл бағытта сайлау учаскелерін бейімдеу, ақпараттың қолжетімділігін арттыру және ұйымдастырушылық шараларды жетілдіру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар отырыс барысында бірқатар сайлау учаскелерінің орналасуын өзгерту мәселесі қаралды. Комиссия мүшелері тұрғындардың қолайлылығы мен логистикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, ұсынылған нұсқаларды талқылады.

Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар мен тиісті шешімдер қабылданды. Қабылданған шешімдер сайлау процесін тиімді ұйымдастыруға және 2026 жылға белгіленген міндеттердің сапалы орындалуына бағытталды.

Ұқсас материалдар

Степногорскіде сайлау комиссиясының отырысында өзекті мәселелер қаралды · Todayinfo