Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Тағдыры тауда тоқтаған: Алматыда танымал университеттің 18 жастағы студенті өлі табылды

Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. "Қаза болған. Табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – делінген еріктілер жариялаған хабарламада. Алматы

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Тағдыры тауда тоқтаған: Алматыда танымал университеттің 18 жастағы студенті өлі табылды
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
Алматы тауларында жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
"Қаза болған. Табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанын растады.
"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген. Іздеуге 40-тан астам адам – Алматы қалалық құтқару қызметінің (109), республикалық жедел-құтқару жасағының, ТЖД, шекара қызметінің, полиция мен еріктілердің қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар тартылды.

Ұқсас материалдар

Тағдыры тауда тоқтаған: Алматыда танымал университеттің 18 жастағы студенті өлі табылды · Todayinfo