Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы ММА-ден әлем чемпионы атанды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова ММА IMMAF бойынша ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Todayinfo. Қазір Ташкентте Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (IMMAF) қамқорлығымен аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Мөлдір

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы ММА-ден әлем чемпионы атанды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова ММА IMMAF бойынша ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Todayinfo. Қазір Ташкентте Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (IMMAF) қамқорлығымен аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Ширек финалда қазақстандық қыз анголалық Эсперанса Чилаланы 17:5 есебімен ұтса, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиланы да айқын басымдықпен (11:1) жеңді. Содан кейін Мөлдір Әшірбекова финалдық кездесуде мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13:1 есебімен жеңіске жетті.
- Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы. Бұл – тарихи жеңіс, - деп хабарлады Қазақстан аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.
 
 

Ұқсас материалдар

Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы ММА-ден әлем чемпионы атанды · Todayinfo