Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

«Тарих тақтасы»: Асанәлі Әшімовтің басына құлыптас қойылды (ВИДЕО)

Бұл туралы оның жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
«Тарих тақтасы»: Асанәлі Әшімовтің басына құлыптас қойылды (ВИДЕО)
📷 Коллаж: todayinfo.kz

Қазақ киносы мен театр өнерінің абызы, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің басына белгітас қойылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы оның жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Бағдат Әшімованың айтуынша, Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жайылма ауылында Асанәлі Әшімұлының рухына арнап ас берілген. Сонымен қатар, актердің туған ауылында оған арналған XIII облыстық ашық шахмат турнирі ұйымдастырылған.

«Сарысу ауданы, Жайылма ауылында Асанәлі Әшімұлының рухына арнап ас берілді. Көзі тірісінде Асекең: "Франция, Швейцария туған ауылыма жетпейді" деп айтушы еді. Асанәлі Әшімовке арналған XIII облыстық ашық шахмат турнирі Асекеңнің туған ауылы Жайылмада өтті. Аудан әкімшілігіне, ел азаматтарына үлкен рақмет. Жерлес азаматтарын ұлықтап, жас ұрпаққа өшпес мұра қалдырып отыр. Тарих тақтасында қалатын күн болды», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, өнер майталманының есімін ұлықтауға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ көпшілік Бағдат Әшімоваға қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін арнады.


Ұқсас материалдар