Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізген операция нәтижесінде террористік қылмысқа күдікті төрт Қазақстан азаматы 7 және 12 мамыр күндері елге жеткізілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарын елге қайтару бойынша арнайы операция жүргізді.
Биыл 7 және 12 мамырда шетелдерден ұлттық қауіпсіздік қызметінің арнайы бөлімшесінің конвойымен террористік қылмыстар жасады деген күдікке ілінген еліміздің төрт азаматы Қазақстанға жеткізілді.
Аталған тұлғалар ұзақ уақыт бойы шетелде бой тасалап жүрген және ҰҚК үйлестіруімен ұсталған.
"Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.




