Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Төртінші әйелмен жүрсең де, бақытты бол»: Мақпал Жүнісова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты көпшілік алдында сынға алды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова тойлардың бірінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі жайлы әзілдеп, жұртты күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Желіде өнер иелерінің бірге тойда жүрген видеосы жарияланды. Кадрларда Мақпал Жүнісова шара барысын

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Төртінші әйелмен жүрсең де, бақытты бол»: Мақпал Жүнісова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты көпшілік алдында сынға алды
Танымал әнші Мақпал Жүнісова тойлардың бірінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі жайлы әзілдеп, жұртты күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Желіде өнер иелерінің бірге тойда жүрген видеосы жарияланды. Кадрларда Мақпал Жүнісова шара барысында шоумен Тұрсынбек Қабатовқа өткір сөз айтады.
“Тұрсынбекжан, біз сені қатты жақсы көреміз. Бақытты бол! Қайда жүрсең де, кіммен жүрсең де. Бірінші, екінші, үшінші, төртіншімен жүрсең де, бақытты бол. Жақсы”,  – дейді әнші.
Осыдан кейін ол желпуішін сермеп, әзілкешке жауап беруге мүмкіндік қалдырмай, кетіп қалады.
Желі қолданушылары бұл сөздерді әртістің жеке өміріне қатысты дауға тікелей жауап ретінде қабылдады. Пікірлерде қазақстандықтар әншіні белсенді түрде қолдады. ”Мақпал апат қолдамайтынын білдірді”, “Өнер адамдары арасынан бетіне айтқан біреу табылды-ау”, “Мақпал ханым тек шындықты айтады”, “Сауап болды”, “Мақпал ақылды әйел, дұрыс айтты”, “Өте дұрыс, тизігіп айтты, жарайсыз”, – деп жазған олар.

Ұқсас материалдар

«Төртінші әйелмен жүрсең де, бақытты бол»: Мақпал Жүнісова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты көпшілік алдында сынға алды · Todayinfo