Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Сенім грамоталарын: Украина елшісі Виктор Майко; БҰҰ-ның Қазақстан Республика

Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Сенім грамоталарын:
Украина елшісі Виктор Майко;
БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Сарангоо Раднаарагчаа;
Үндістан Республикасының елшісі Я.К. Сайлас Тангал;
Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының елшісі Осман Михаджи;
Швеция Корольдігінің елшісі Ларс Стефан Эрикссон;
Бельгия Корольдігінің елшісі Эрик де Майер;
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Салли Джейн Аксуорси;
Латвия Республикасының елшісі Даце Рутка;
Грузия Республикасының елшісі Леван Диасамидзе тапсырды.
Президент дипломаттарға Қазақстанның көп векторлы және теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы еліміздің конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екенін айтып, жаңадан тағайындалған елшілер Қазақстанмен серіктестік байланыстарды нығайту мен кеңейту ісіне белсенді түрде үлес қосатынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ыстық ықыласын жолдады.
Фото: Ақорда
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Түркістан облысында қараусыз қалған 2 жастағы ұл әжетханаға құлап, көз жұмды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Штормовое предупреждение объявлено в ряде регионов
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·