Түркия билігі 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салмақ
Фото: grozny-inform.ru Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға толықтай тыйым салу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды todayinfo ақпараттық порталы CNN TÜRK арнасына сілтеме жасап. Министрдің айту

Фото: grozny-inform.ru
Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға толықтай тыйым салу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды todayinfo ақпараттық порталы CNN TÜRK арнасына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, балалар – ең осал топ, сондықтан олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Түркия билігі 2024 жылы осыған байланысты жаңа заң қабылдауды жоспарлап отыр.
«Әрине, біз балаларға пайдалы ойын ойнауға кедергі жасағымыз келмейді. Бірақ 16 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желілерде аккаунт аша алмайтын болады. Кейбір елдерде мұндай платформалар ата-ананың рұқсатымен қолжетімді. Біз бұл тәсілді де қолдамаймыз. Біздің мақсатымыз – 16 жасқа дейінгі балалардың мүлде әлеуметтік желі қолданбауын қамтамасыз ету», – деді Абдулкадир Уралоғлу.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Ғарышқа самғаған тұңғыш қазақ — Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Көкшетаудағы құрылыс алаңында 18 жастағы жігіт қаза тапты
Жаннұр Еділбаева·