Түркия Иран тарапынан ұшырылған тағы бір баллистикалық зымыранды атып түсірді. Бұл – соңғы бір айда тіркелген осыған ұқсас үшінші оқиға, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
НАТО-ның Жерорта теңізінің шығысында орналасқан әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Ираннан бағытталған зымыранды сәтті жойды. Түркияның Қорғаныс министрлігі нысанның елдің әуе кеңістігіне кірген бойда залалсыздандырылғанын растады.
Бұған дейін дәл осындай жағдай 4 және 9 наурызда болған еді. Зымырандар сәтті атып түсірілгеніне қарамастан, ресми Тегеран көрші елге қарай зымыран ұшырғанын мойындамай отыр.
Анкара өз кезегінде әуеден төнген кез келген қауіпке қатаң жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.
Фото: Әлеуметтік желіден




