Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

"Тұрсынбек бармағын тістесін": Мөлдір Мұқанованың жаңа әні желіні жарды

Белгілі продюсер Мөлдір Мұқанова шығармашылық жаңалықтарымен қуантуын тоқтатар емес. Таяуда ғана ән айтып, көпшілікті таңғалдырған ол, енді тағы бір жаңа туындының үзіндісін паш етті. Желі қолданушылары оның бұл қадамын қызу талқыға салуда. Өнер иесі Instagram парақшасында жаңа ә

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
"Тұрсынбек бармағын тістесін": Мөлдір Мұқанованың жаңа әні желіні жарды

Белгілі продюсер Мөлдір Мұқанова шығармашылық жаңалықтарымен қуантуын тоқтатар емес. Таяуда ғана ән айтып, көпшілікті таңғалдырған ол, енді тағы бір жаңа туындының үзіндісін паш етті. Желі қолданушылары оның бұл қадамын қызу талқыға салуда.

Өнер иесі Instagram парақшасында жаңа әннің демо-нұсқасын бөлісіп, өзіне қолдау білдіріп жатқан оқырмандарына алғысын жаудырды. Ол өз аудиториясын жатсынбай, «туыстарым» деп атады.

«Қолдап жатқандарыңызды көріп, жаңа әніміздің осы нұсқасымен де бөліскім кеп кетті. Жақсы көремін сіздерді, туысымдай болып кеткен алтын оқырмандарым», — деп ағынан жарылды Мөлдір Мұқанова.

«Тұрсынбек өкінетін болды»

Продюсердің бұл жазбасы назардан тыс қалмады. Оқырмандар Мөлдірдің вокалдық қабілетіне жоғары баға беріп, оның бұрынғы күйеуі, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты еске алды. Көпшілік Мұқанованың осы уақытқа дейін өз талантын жасырып келгеніне өкініш білдірген.

Желідегі пікірлер легі мынадай сарында өрбіді:

  • «Әндеріңіз күннен-күнге керемет болып барады, нағыз от!»

  • «Осындай дауысты, осындай өнерді ішіңізде қалай тұншықтырып жүргенсіз?»

  • «Тұрсынбек енді бармағын тістейтін болды. Тек арықтап алыңызшы, бәрі супер болады».

Жаңа белес

Айта кетейік, Мөлдір Мұқанова ұзақ жылдар бойы Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылығына жетекшілік етіп, продюсерлік қырынан танылған болатын. Алайда соңғы кездері ол жеке шығармашылығына ден қойып, өзін жаңа қырынан сынап көруде.

Оқырмандары оның бұл өзгерісін жылы қабылдап, болашақта үлкен сахнадан көрінуіне тілектестік білдіруде.

 
View this post on Instagram
 

A post shared by Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)

Ұқсас материалдар

"Тұрсынбек бармағын тістесін": Мөлдір Мұқанованың жаңа әні желіні жарды · Todayinfo