Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Өскемен әуежайы» АҚ-на қатысты тергеу жүргізіп, нәтижесінде кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, әуежайда авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгіленіп, ұсталып тұрған.
«Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен, Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2026 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен күшінде қалдырылған, «Өскемен әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға 8,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, сондай-ақ 10,6 млн теңге көлеміндегі монополиялық кірісті мемлекет кірісіне алу туралы шешім қабылданды», — делінген агенттік хабарламасында.




