Беларусь тұрғыны көп жыл бойы бес баланы өз баласы ретінде бағып-қағып келген. Алайда отбасындағы жанжал кезінде жұбайы күтпеген мәлімдеме жасап, ер адамның балалардың ешқайсысының биологиялық әкесі емес екенін айтқан. Бұл туралы Беларусь Республикасының Мемлекеттік сот сараптамалары комитетіне жазды.
Осы сөзден кейін ер адам шындықты анықтау үшін ДНҚ-тексеруден өтуге шешім қабылдап, мамандарға жүгінген.
Минск облысы бойынша сот сараптамасы басқармасының жүргізген генетикалық зерттеу нәтижесі ер адамның бес кәмелетке толмаған баланың ешқайсысына биологиялық әке емес екенін көрсеткен.
Мамандардың айтуынша, мұндай генетикалық сараптамалар әке немесе ана болуды анықтау мақсатында жиі жүргізіледі. Сонымен қатар, қолда бар биологиялық материал болған жағдайда, бұл зерттеулер адам қайтыс болғаннан кейін де туыстық байланысты нақтылауға немесе теріске шығаруға мүмкіндік береді.




