Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Волков UFC 328 турнирінде Хуан Кортес-Акостаны жеңіп, карьерасындағы 40-шы жеңісін тойлады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Лас-Вегаста өткен бұл айқас бірінші раундта аяқталды. Волков қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Осы жеңіс арқылы 35 жастағы Волковтың кәсіби карьерасындағы жеңістер саны 40-қа жетті. Оның 10 жеңілісі бар.
Ал 30 жастағы Кортес-Акоста үшін бұл кәсіби карьерасындағы екінші жеңіліс болды. Оның 11 жеңісі бар.




