Әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған әйел Алматы полициясына жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Threads әлеуметтік желісінде violette_vita деген атпен белгілі әйел Желтоқсан оқиғасына арналған жазба астында өрескел пікір қалдырған. Оның сөздері қазақстандықтардың наразылығын тудырып, мемлекеттік органдарға шағымдар түсе бастаған.
Полиция департаментінің мәліметінше, азаматша П. анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне құқықтық баға берілуде. Ведомство ұлтаралық келісімді бұзуға бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын ескертті.
Бұл оқиғаға дейін де әлеуметтік желілердегі өрескел пікірлер үшін қазақстандықтар жауапкершілікке тартылған болатын. Мысалы, қарағандылық Алика Мухамадиева ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған.




