Зеленский Майамиге келді: Трамппен кездесу алдында Ресейден ымыра күтпейтінін айтты
Financial Times: Зеленский Майамиде Трамппен кездесу алдында Ресейдің талаптарынан бас тартуын күтпейтінін айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский Майамиге ұшып келді. Ол АҚШ-тың президенті Дональд Трамппен кездесудің алдында Еуропа көшбасшыларымен сөйлесіп, Ресейдің өз «ең жоғарғы» талаптарынан бас тартуын немесе Украинаның ұсынған жоспарына келісуін күтпейтінін жеткізген.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Financial Times басылымының жазуынша, әңгіменің мазмұнымен таныс екі дереккөз Зеленскийдің бұл ұстанымын растаған. Олардың айтуынша, Киев қазіргі жағдайда Мәскеудің келіссөз үстелінде бірден икем таныта қоюына сенбейді.
Сонымен бірге Зеленский АҚШ-тың назарын басқа арнаға бұрғысы келеді. Яғни Вашингтон қысымды ең алдымен Ресейге арттыруға басымдық берсе деген ой айтылған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Ғарышқа самғаған тұңғыш қазақ — Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Көкшетаудағы құрылыс алаңында 18 жастағы жігіт қаза тапты
Жаннұр Еділбаева·