Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Жаңаөзендегі жарылыс: мешіттегі өрттен зардап шеккен бүлдіршіннің жағдайы ауыр

Фото: видеодан скриншот Жаңаөзенде Шаңырақ шағын ауданындағы мешітте кілем өртенді. Салдарынан жасөспірімнің денесін күйік шалып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 6 науры

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жаңаөзендегі жарылыс: мешіттегі өрттен зардап шеккен бүлдіршіннің жағдайы ауыр
Фото: видеодан скриншот
Жаңаөзенде Шаңырақ шағын ауданындағы мешітте кілем өртенді. Салдарынан жасөспірімнің денесін күйік шалып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 6 наурыз күні сағат 17:54-те қалалық мешіттің аумағында болған.
“Жаңадан салынған қалалық мешіт дәлізінде жатқан 40 шаршы метрлік кілем өртенді. Жалпы ауданы – 350 шаршы метр. Өрт сағат 18:10-да түгелдей сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді департамент.
Өрт кезінде 12 жастағы бала зардап шекті. Баланың екі құлағы, беті, мойны, екі қолы мен бел аймағы және жоғарғы тыныс алу жолдары I-II-III дәрежеде термикалық күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың денесінің 15-17%-ы күйіп қалған.
“Қазір баланың жалпы жағдайы ауыр. Жағдайы айтарлықтай жақсарып жатқан жоқ. Шокқа қарсы инфузиялық терапия енгізіледі”, – деді Жаңаөзендегі қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері.

Ұқсас материалдар

Жаңаөзендегі жарылыс: мешіттегі өрттен зардап шеккен бүлдіршіннің жағдайы ауыр · Todayinfo