Жанар Мықтыбекқызы 1977 жылы туған. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша және интернатураны, «Мирас» университетін «менеджмент», «Нархоз университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамын «іскерлік әкімшілік» мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты (2010 ж.).
Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық фармецевтикалық академиясының ішкі аурулар факультеттік терапия және пропедевтика кафедрасының оқытушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық емханасының дәрігер-терапевті, бас аудандық терапевті, Шардара орталық аудандық ауруханасының бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары, Шардара аудандық орталық емханасының бас дәрігері, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысының қоғамдық денсаулығы басқармасы басшысының орынбасары, «Жанұя» қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясы» және «Салауатты Астана алғашқы медициналық-санитарлық көмек клиникасы» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.
- 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс Хаты»;
- 2015 жылы республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Мырзахметовтың «Алғыс Хаты»;
- 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі;
- 2016 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
- 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы бірінші орынбасарының «Алғыс Хаты»;
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі;
- 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болатын.



