Todayinfo.kz
Шоу бизнес

«Жасына сай емес қылық»: Ләйлә Сұлтанқызы орынсыз қылықтарын күн көріс, нәпақа үшін істеп жүргенін жазды

Коллаж: sn.kz Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынаған пікірлерге жауап беріп, жеке ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Желіде жиі айтылатын сын пікірлерді келтірген ол қоғамдағы көзқарасқа қатысты ойын ашық жазғ

Авторы Әмірболат Құсайынұлы··1 мин оқу
«Жасына сай емес қылық»: Ләйлә Сұлтанқызы орынсыз қылықтарын күн көріс, нәпақа үшін істеп жүргенін жазды
Коллаж: sn.kz
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынаған пікірлерге жауап беріп, жеке ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Желіде жиі айтылатын сын пікірлерді келтірген ол қоғамдағы көзқарасқа қатысты ойын ашық жазған:
«Кәрі қутырса — жұт болады», «Қартайғанда қылық шығарды», «Жасқа жарасқан — кәріге ұят», «Жасына сай емес қылық», «Ұялмай ма, немере сүйер жасқа келді», «Кеш қалды енді бұған», «Шошаң-шошаң етіп не болды», «Жастық шағын өткізіп алып, енді есін жиды ма», «Ақыл тоқтатар жаста ғой», «Әйел адамға ауырлау енді бұл», «Қартайғанда қыз қуғандай» (кейде әйелдерге де айтылады), «Өзін жас қыздай ұстайды», «Жасы келгенін мойындағысы келмейді», - деп жазды блогер.
Сондай-ақ ол бұл пікірлерге қатысты өз көзқарасын білдіріп, әрекетінің ешкімнің өлшеміне бағынбайтынын атап өтті:
«Менің әрекетім қазақилығымның өлшемі емес. Ана ретіндегі рөлімнің бағасы емес. Ата-анама қандай бала екенімнің дәлелі емес. Бұл — менің еркіндігім. Бұл — менің жұмысым. Бұл — менің нәпақам», - деп жауап берді ол.

Ұқсас материалдар