"Қаланың бекітілген Бас жоспарына сәйкес, шаһардағы 9 жағажайды да абаттандыру көзделіп отыр. Биыл заманауи стильде жасалған №5 жағажай қолданысқа берілді", - деп хабарлады Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қонаевта 8 гектарға жуық жер қытайларға берілген - әкімдіктің жауабы
Жергілікті әкімдік әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 га болатын жер қытайлықтарға берілді деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Әкімдіктің жауабынша, «Жібек жолы» ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестици

Жергілікті әкімдік әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 га болатын жер қытайлықтарға берілді деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Әкімдіктің жауабынша, «Жібек жолы» ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құймақ ниетте. Бұл жердің көлемі 7.9 гектарды құрайды. Дәл сол жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан жер, яғни, №7 жағажайдың бір бөлігі инвест жобаның құрамына кіріп отыр. Жалпы аумағы 15 га жағалау аттракциондар паркіне айналмақ.
Қазіргі таңда №7 қалалық жағажайда 40-тан астам кәсіпкер қызмет етуде. Олар дәмхана, тапшан, шатырларды мемлекеттен жалға алып отыр. Мұндағы 2 бизнес орыны аталған инвестжобаның құрамына енді. Кәсіпкерлер биылғы шомылу маусымы біткенше жұмыс жасайды. Қазіргі таңда қос тарапқа оңтайлы шешім шығару бағытындағы жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов кәсіпкерлермен кездесіп, мән-жайды түсіндірді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·