Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Respublica партиясы парламенттік фракциясының бастамасы күшіне енді

Енді әскери қызметшілер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсе алады.  Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің бастамасымен заң жобасы парламент қарауына енген еді, деп хабарлайды Todayinfo. Нақтырақ айтсақ, енді сарбаздар әскери борышын өтеп жүргенде және одан кейінгі екі а

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Respublica партиясы парламенттік фракциясының бастамасы күшіне енді
Енді әскери қызметшілер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсе алады.  Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің бастамасымен заң жобасы парламент қарауына енген еді, деп хабарлайды Todayinfo. Нақтырақ айтсақ, енді сарбаздар әскери борышын өтеп жүргенде және одан кейінгі екі ай ішінде несие мен банк алдындағы қарыздарын төлеуден босатылады. Бұл олардың қызмет барысында қаржылық міндеттемелерге алаңдамауына мүмкіндік береді «Срочник 2.0» бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында үздік әскери қызметшілер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантпен оқуға түсе алады. Сондай-ақ олардың бірінші оқу жылы жатақханадан орын алуына басымдық беріледі. Бұл жастарға әскери қызметтен кейін бірден өмірге бейімделіп, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар

Respublica партиясы парламенттік фракциясының бастамасы күшіне енді · Todayinfo