Todayinfo.kz
СобытияСмотреть все материалы

Абыройсыз ажал: жас қызды зорлаған шенеунік тергеу изоляторында қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған Шыңғырлау ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Әлібек Жупуловтың тергеу изоляторында (СИЗО) қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Абыройсыз ажал: жас қызды зорлаған шенеунік тергеу изоляторында қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған Шыңғырлау ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Әлібек Жупуловтың тергеу изоляторында (СИЗО) қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Бұл мәліметті БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растады.
Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, күдікті 16 наурыз күні дүниеден өткен және оны жерлеу рәсімі осы бейсенбіге жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған бойжеткенді зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған болатын. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бұрынғы шенеунік ұсталып, Орал қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен екі айға қамауға алынған еді.
Қазіргі уақытта күдіктінің өліміне қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Похожие материалы

Абыройсыз ажал: жас қызды зорлаған шенеунік тергеу изоляторында қайтыс болды · Todayinfo