Todayinfo.kz
СобытияСмотреть все материалы

Айғайдың артындағы арамдық: Санжар Боқаев ағаш кесу мен гранит тастарды сатуды қасақана ұйымдастырған

Әлеуметтік желіде Ахридин Хамракуловтың Алматыдағы гранит плиталар мен ағаштарды кесу төңірегіндегі дау-дамайға қатысты бейне үндеуі пайда болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Қарапайым жұмысшы болып істейтін Хамракуловтың айтуынша, Санжар Боқаевпен ол алғаш рет

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Айғайдың артындағы арамдық: Санжар Боқаев ағаш кесу мен гранит тастарды сатуды қасақана ұйымдастырған
Әлеуметтік желіде Ахридин Хамракуловтың Алматыдағы гранит плиталар мен ағаштарды кесу төңірегіндегі дау-дамайға қатысты бейне үндеуі пайда болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Қарапайым жұмысшы болып істейтін Хамракуловтың айтуынша, Санжар Боқаевпен ол алғаш рет 2023 жылы танысқан. Танымал блогер оны үй жөндеу үшін жалдаған екен. Хамракуловтың сөзінше, 2025 жылдың аяғына қарай Санжар Боқаев өзіне қажетті видео түсіріп, шу шығару үшін гранит плиталарды сатып алып, оларды зиратқа жеткізу бойынша тапсырма берген. Алайда алғашында бірдеңесі келіспей, видео түсірілмей қалған. Кейін Хамракуловқа тағы да гранит плиталарды алып, оларды зиратқа жеткізу тапсырылған. Орындаушының айтуынша, екінші рет бәрі ойдағыдай өтіп, видео дұрыс түсірілген. Одан кейін Боқаевтан Баум тоғайында ағаштарды кесу туралы тағы бір тапсырма берілді, бұл жұмыс үшін Хамракулов 100 мың теңге алыпты. Сондай-ақ, Ахридин Хамракулов өзінің қатысуымен бұған дейін желіге шыққан видеодағы оқиғаның мән-жайын да түсіндіріп берді. Аталған бейнероликте Ахридин полиция тарапынан қысым көргені туралы айтқан болатын. Бұл ретте ол, шын мәнінде, ешкім де қысым көрсетпегенін, видеоның әдейі дайындалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Санжар Боқаевтың адвокаты Диас Ахметов камераға қысым көрсетіп жатыр деп айтып шу шығару керек, сонда сені тез арада шығарып аламыз деген екен. Хамракулов қорыққанынан адвокаттың сөзіне сеніп, оның айтқанын істепті. Ахридин плиталарды әкету мен ағаштарды кесудің заңсыз екенін түсінбегенін алға тартуда. Осы әрекеттері үшін екі жылға шартты жазаға тартылған. Бейне үндеудің соңында ол халықты Боқаев пен оның командасы әлеуметтік желіде «көрсетіп жатқан киносына» сенбеуге шақырды. Фото: видеодан кадр

Похожие материалы

Айғайдың артындағы арамдық: Санжар Боқаев ағаш кесу мен гранит тастарды сатуды қасақана ұйымдастырған · Todayinfo