Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматы облысында экономика өсімі 6 пайыздық межеден асып түсті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір экономикасының қарқынды дамып жатқанын мәлімдеді. Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,1%-ті құрап, барлық негізгі салаларда оң д

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Алматы облысында экономика өсімі 6 пайыздық межеден асып түсті
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір экономикасының қарқынды дамып жатқанын мәлімдеді. Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,1%-ті құрап, барлық негізгі салаларда оң динамика байқалған. Өнеркәсіп 6,9%-ке, сауда 13,2%-ке, құрылыс 20,6%-ке, ал көлік қызметі 21,0%-ке артты. Облысқа 778 млрд. теңге инвестиция тартылып (22,5% өсім), көршілес елдермен сауда байланысы кеңейді. Экспорт 102,9%-ке өсіп, әлемнің 63 еліне өнім жеткізілуде. Сондай-ақ, экспорттың 90%-ін өңделген өнімдер құрайды.

Похожие материалы

Алматы облысында экономика өсімі 6 пайыздық межеден асып түсті · Todayinfo