«Санитариялық талаптарды сақтамау және бұрын берілген ұсынымдарды елемеу бақылау шараларын күшейтудің негізгі себептеріне айналып отыр. Біздің басты міндетіміз – халықтың денсаулығын қорғау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу», – деді ол.Жаңа жыл мерекелері қарсаңында санитариялық дәрігерлер тұрғындарды корпоративтік және отбасылық іс-шаралар кезінде ерекше сақ болуға шақырады. Бұл кезеңде тағамнан улану қаупі дәстүрлі түрде арта түседі. Бұл көбіне тағамды көп мөлшерде дайындау, дайын асты ұзақ уақыт сақтау, сондай-ақ оны тасымалдау және қайта пайдалану жағдайларымен байланысты. Мамандар санитариялық талаптарды, өнімдерді сақтау шарттарын және жарамдылық мерзімдерін қатаң сақтауды ұсынып, денсаулыққа төнетін қауіптің алдын алуға шақырады. Фото: shutterstock
Ақмола облысында 15 бала тамақтан уланды
Ақмола облысында тағамнан уланудың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылды қадағалау және профилактикалық іс-шаралардың қорытындылары туралы брифинг барысында Ақмола облысы Санитариялық-эпи

Ақмола облысында тағамнан уланудың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылды қадағалау және профилактикалық іс-шаралардың қорытындылары туралы брифинг барысында Ақмола облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова мәлімдеді.
Облыста жаппай тағамнан уланудың екі жағдайы – Бурабай және Ерейментау аудандарында анықталған. Жалпы алғанда 20-дан астам адам зардап шеккен, олардың шамамен 15-і – балалар.
Әрбір оқиға бойынша санитариялық қызмет тарапынан эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілді. Жедел әрекет ету аясында қоғамдық тамақтану объектілерінде жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылып, тұрмыстық ошақтарда эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ тағам өнімдерінің, ауыз судың және биологиялық материалдардың сынамаларына зертханалық зерттеулер жасалды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері өңірде қоғамдық тамақтану объектілеріне барып жүргізілген шамамен 25 профилактикалық бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексерілген барлық нысандардан санитариялық талаптардың бұзылуы анықталды. Бұдан бөлек, азаматтардың өтініштері бойынша 50-ге жуық жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Сәуле Сәдуакасованың мәлімдеуінше, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысындағы басты басымдық – профилактика және қауіп-қатерлердің алдын алу.
Похожие материалы

Акмолинская область
Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада басталды
Жаннұр Еділбаева·

Акмолинская область
Астанада «BaiQymyz-2026» халықаралық фестивалінің үздіктері анықталды
Айдар Керім·

Акмолинская область
Бұлақтың көзін ашқан ел: Бурабайда «Мөлдір бұлақ» акциясы жүздеген адамды біріктірді
Жаннұр Еділбаева·

Акмолинская область
Күмбірлеген күй, ұлықталған мұра: Көкшетауда Ұлттық домбыра күні тойланды
Жаннұр Еділбаева·