Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

«АҚШ-қа 500 мың доллар шығарған»: ашық сотты талап еткен Санжар Боқаевтың жақтастары оның байлығын білмейтін болып шықты

Коллаж: todayinfo Санжар Боқаевтың жақтастары ашық сотты тікелей эфирде өткізуді талап етіп, Алматыда баспасөз жиынын өткізді. Саясаткер және азаматтық белсенді Санжар Боқаев аса ірі көлемде қаржы ұрлады, жалған ақпарат таратты және Алматыдағы Баум тоғайында ағаштарды кесуді ұйым

Автор Мейіржан Әуелханұлы··4 мин чтения
«АҚШ-қа 500 мың доллар шығарған»: ашық сотты талап еткен Санжар Боқаевтың жақтастары оның байлығын білмейтін болып шықты
Коллаж: todayinfo Санжар Боқаевтың жақтастары ашық сотты тікелей эфирде өткізуді талап етіп, Алматыда баспасөз жиынын өткізді. Саясаткер және азаматтық белсенді Санжар Боқаев аса ірі көлемде қаржы ұрлады, жалған ақпарат таратты және Алматыдағы Баум тоғайында ағаштарды кесуді ұйымдастырды деген күдікпен қамауда жатыр. Алайда қоғам белсенділері бұл істің саяси астары бар деп санайды. Todayinfo.kz ақпараттық порталының тілшісі баспасөз жиынына қатысып, белсенділердің пікірін тыңдап қайтты.  Экобелсенді Салтанат Тәшімова оның атына тағылған айыптардың дұрыстығына күмән келтіріп, олардың Баум тоғайына бару туралы шешімі өздігінен болғанын, тұрғындардың шағымы бойынша оқиға орнына келгендерін түсіндірді.
«Біз қаланың экологиясын сақтау үшін бірнеше жыл бойы тау бөктеріне бірге бардық. Біз 2025 жылдың 26 қазанында бірқатар кездесулерді жоспарладық. Сапардан бір күн бұрын мен Санжардан маршрутты өзгертуді сұрадым, өйткені тұрғындар Баум тоғайының айналасындағы жағдайға назар аудару үшін бізге жүгінді. Түсте біз ол жерге өздігімізден бардық, кесілген ағаштарды тіркедік, полиция шақырылды. Полиция бір сағаттан кейін келді. Осыған сүйене отырып, Боқаев ағаш кесуді ұйымдастырмаған», - деді Тәшімова.
Азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев 2 ақпанда ағаштарды кескен адамдарға қатысты үкім шыққанын айтты. Фото: todayinfo Баспасөз мәслихаты кезінде сот үкімін экранда көрсетіп, ол ағаштарды кескен адамдар Бақытжан есімді тергеу анықтамаған адамға нұсқағанын айтты. Ал ағаштарды кескен адамдар сотталып жатқан кезде Боқаев Америкаға ұшып кеткен.
«Мына қылмыстық іске қатысты үкімде Санжар Боқаевтың есімі жоқ. Санжар алдағы саяси науқанның алдында қамалып отыр. Ол өзі сайлауға түсе алмайды, өйткені партияда жоқ. Ал партияны тіркетіп үлгере алмайды. Санжар Боқаев кәсіппен айналысқан, қымбат жиһаздар сатумен айналысатын компаниясы болды. Сондықтан оның табысы жеткілікті болды» - деді Ильяшев.
«#НетУтильсбору» қозғалысының өкілі Владимир Ким Боқаевқа көптеген өтініш, шағымдар түсетінін айтты. Боқаевтан басқа, бұл іс бойынша оның видеографы Ұлан Нүсіпқожа да екі айға қамауға алынды.
«Ұлан жалға алынған пәтерде тұрады, ол көлікті несиеге алып, отбасын  бағады. Қамауға алынғандықтан, оның төлемі болмайды, бұл отбасына жүктеледі. Менің ойымша, бұл Санжарға қысым. Біз мұны саяси негіз ретінде көреміз. Барлық материалдар бізге қол жетімді емес, бірақ біздің ойымызша, іс ойдан шығарылған. Сондықтан митингке өтініш берілді, бірақ бас тартылды. Сондай-ақ модерацияда Санжарға қатысты тікелей эфирде ашық сот өткізу туралы петиция бар», - деп түйіндеді Ким.
Алайда баспасөз жиынында жұмыссыз болса да қымбат көліктер мен пәтерлерге иелік еткен Боқаевтың байлығына қатысты сұрақтарға оны жақтаушылар жауап бере алған жоқ. Мәселен, Боқаевтың  АҚШ-та бизнес ашуға, қымбат көліктер мен жылжымайтын мүлік сатып алуға қаражаты қайдан алғанын оның жақтастары білмейтін болып шықты. Боқаев 2021 жылдан бері ресми түрде жұмыс істемеген. Дереккөздерге қарағанда Боқаев өте ауқатты тұрған. Санжар Боқаев иелік еткен көліктер: «Toyota LC 300» (құны 45 млн теңге, «Жетысу Алматы» автосалонынан сатып алған), «BMW 545» (құны 25 млн теңге), «ZEEKR X» (құны 15 млн теңге, Қытайдан әкелінген), «Toyota TUNDRA» (құны 50 млн теңге, АҚШ-та пайдаланады) «BMW» мотоциклі. Ол елден АҚШ-қа шамамен 500 мың доллар шығарған. 18 наурызда Бас прокуратура Санжар Бокаевтың ұсталғаны туралы хабарлады. Ол жалған ақпарат тарату және ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарынан мүлікті ұрлау туралы бейнематериалдар орналастырды деп күдіктенеді. Тергеу мәліметтері бойынша, Бокаевтың өзі ағаштарды кесуді ұйымдастырды және қаржыландырған. Ол өзінің ойынына "табысы төмен адамдарды" тартқан. Боқаев «ҚазТрансГаз» АҚ Төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың кеңесшісі болып жұмыс істеген кезінде Астана қаласындағы «Янтарь» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған. Санжар 2016 жылы Астана қаласының орталығында (Сол жағалау, Мәңгілік Ел-Орынбор) 56 млн.теңгеге 3 бөлмелі пәтер сатып алғаны да қоғамға белгілі. Одан бөлек Санжар Боқаев "ҚазТрансГаз" АҚ қаражатын аффилирленген компаниялар арқылы жымқырды деген күдік те жоқ емес. Боқаев "ҚазТрансГаз" АҚ төрағасының кеңесшісі қызметінен кеткеннен кейін оның фирмаларымен ынтымақтастық бірден тоқтаған. Одан бөлек қоғам белсендісі өзінің ашынасына да қымбат пәтер сыйлаған. Санжар Боқаев 2000 жылдары мемлекеттік қызметте жұмыс істеді, оның ішінде Алматының ішкі саясат басқармасын басқарды, кейін қоғамдық қызметпен айналысты. Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Боқаев өзінің саяси партиясын тіркеуге тырысты. 2023 жылы саясаткер мәжіліске қатысып, сайлау нәтижелерін бұрмаланған деп санады. Өткен жылдың соңында ол саяси белсенділікті төмендетті, ал биылғы жылы ол АҚШ-та бизнеспен айналысатынын айтып, қоғамдық қызметті тоқтататынын хабарлады. Алайда Америкада жүрген Боқаев наурызда аяқ астынан Алматыда ұсталып, кейін ҰҚК тергеу изоляторына жабылды.

Похожие материалы

«АҚШ-қа 500 мың доллар шығарған»: ашық сотты талап еткен Санжар Боқаевтың жақтастары оның байлығын білмейтін болып шықты · Todayinfo