Түркістан облысында түн ішінде 18 жастағы жігітті әкесінің көзінше атып кетті. Абырой болғанда, пневматикалық тапаншадан ішіне оқ тиген Сайрам ауданының тұрғыны аман қалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
Қылмыс кеше түнгі он бірлер шамасында болған. Әкесінің айтуынша, 18 жастағы Салахаддинді сол ауылдың баласы өзара мәселені шешу керек деп кездесуге шақырған екен. Оны естіген әкесі баласымен бірге барыпты. Көліктен түскен әкелі-балалы екеуді бейтаныс адамдар қоршап, қысымға ала бастаған.
Жарақаттанған жігіттің жай-жүйі туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасынан белгілі болды.«10-15 бала жиналып тұр екен. Бір ауыз сөзге келместен, мені қоршап алды. Содан соң, машинадан бір зат алды. Дубинка болар деп қарап тұрғанымда, онысы пистолет болып шықты да, маған қарай оқ атты. Сол кезде мен еңкейіп қалдым. Екінші рет атайын деп жатқанда, оқ алдыма қалқан болып тұра қалған баламның ішіне тиді. Бүзақылар қашып бара жатқан жерінен Өзбекстан шекарасында ұсталды. Сол жерден оларды таңғы сағат 05:30-да арнайы жасақ қызметкерлері ұстап әкелді. Әке шешесі баланың хал-жағдайын сұрауға да келмеді», – дейді оқиғаның куәгері, жәбірленушінің әкесі Бахрамжан Шукуров.
Жігіттердің арасындағы дау Салахаддиннің атастырып қойған қалыңдығынан басталған сыңайлы. Осылай деген жәбірленуші тарап күдікті жазадан құтылып кетуі мүмкін деп алаңдайды. Өйткені бұған дейін де адам атып, жауапқа тартылмағанын естіген екен. Жақындарының айтуынша, бозбаланың өміріне төнген қауіп күшеймесе, сейілмеген. Өйткені жас жігітке жабылмақ болған топ ішінде қылмыс әлемінің серкелері де бар көрінеді. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық тапанша тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, келіспеушілік салдарынан ер адам өзінің танысына оқ атқан. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, тексеруден кейін үйіне жіберілді.«10 ақпан күні Сайрам аудандық орталық ауруханасына травматикалық қарудан атылған азамат жеткізілді. Алғашқы тексеру барысында оқтың дене қуысына өтпегені анықталды. Науқасқа қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің бақылауынан кейін жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, амбулаториялық бақылауға жіберіліп, үйіне қайтарылды», – делінген хабарламады.
«Атап өтсек: кез келген қару-жарақ қолданылған қарым-қатынас, соның ішінде жарақатқа әкеп соққан әрекетке қатаң құқықтық баға беріледі. Қарулы зорлық-зомбылықтың бірде-бір фактісі түбегейлі жауапсыз қалмайды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады», - деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі




