Todayinfo.kz
СобытияСмотреть все материалы

Атырауда жоғалып кеткен бала даладан табылды

Бүлдіршінді ата-анасы қараусыз қалдырған.

Автор Айдар Керім··1 мин чтения
Атырауда жоғалып кеткен бала даладан табылды

Фото: polisia.kz

Атырау облысы Махамбет ауданында 7 жастағы бала дер кезінде табылып, ата-анасына табысталды, деп хабарлайды 24KZ-ке сілтеме жасаған Todayinfo.kz порталы.

10 мамыр күні сағат 17:30 шамасында Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Қамидоллин көшеде ересектердің қарауынсыз жалғыз жүрген баланы байқайды. Полиция қызметкері баламен тілдесіп, мән-жайды біледі.

Бүлдіршін үйінен шығып кетіп, жақындарын таба алмай қалған.  Алдын ала мәліметке сәйкес, анасы үйде отырып, үлкен баласының сыртқа шығып кеткенін аңғармай қалған. Учаскелік полиция инспекторы баланың тұрғылықты мекенжайы мен заңды өкілдерін шұғыл анықтап, небәрі 15 минут ішінде, сағат 17:45 шамасында анасына аман-есен табысталды. 

Полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігіне әрдайым ерекше назар аударуға шақырады.

Похожие материалы