Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, мемлекет дәрігерлерді құқықтық тұрғыдан қорғаумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Соңғы үш жылда сала мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі жеті есе ұлғайды. Медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Тек биылдың өзінде бұл мақсатқа қазынадан 33 миллиард теңге бөлінді, - деді Президент.

Оның айтуынша, осындай шаралардың арқасында медицина саласындағы кадрлық ахуал да тұрақтала түскен.

Сондай-ақ шалғай ауылдарда еңбек ететін дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетілуде. Оларға бір реттік көтерме төлемдер берілуде. Атап айтқанда, былтыр 530 маманға жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінді, - деді Мемлекет басшысы.