Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Бурабайда 24 жастағы қыз көпқабатты үйден секіріп кетті

Ақмола облысының Бурабай ауданында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.  Ақмола облысының полиция департаментінің  хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 ақпанда Бурабай ауылында болған. «5 ақпанда Бурабай ауда

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Бурабайда 24 жастағы қыз көпқабатты үйден секіріп кетті
Ақмола облысының Бурабай ауданында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.  Ақмола облысының полиция департаментінің  хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 ақпанда Бурабай ауылында болған.
«5 ақпанда Бурабай ауданында 24 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі («Суицидке дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыз қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30-да болды», – делінген хабарламада.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Мерт болған қыздың туыстары мен таныстары анықталып, оқиғаның мән-жайы тексерілуде.  

Похожие материалы

Бурабайда 24 жастағы қыз көпқабатты үйден секіріп кетті · Todayinfo