Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

iPhone 16: Apple 10 қыркүйекте смартфонның жаңа моделін ұсынбақ

Apple iPhone, Apple Watch және AirPods-тың жаңа сериясын қыркүйектің 10 күні таныстырады деген болжам бар. Бұл туралы  Bloomberg  басылымы хабарлайды. Су жаңа iPhone-ның тұсаукесері нақты қашан болатыны әзірге белгісіз. Бірақ дереккөздерге сенсек, компания салтанат

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
iPhone 16: Apple 10 қыркүйекте смартфонның жаңа моделін ұсынбақ
Apple iPhone, Apple Watch және AirPods-тың жаңа сериясын қыркүйектің 10 күні таныстырады деген болжам бар. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлайды. Су жаңа iPhone-ның тұсаукесері нақты қашан болатыны әзірге белгісіз. Бірақ дереккөздерге сенсек, компания салтанатты іс-шараны сейсенбі күнге жоспарлап отыр. Apple жаңа өнімдерін таныстырған соң құрылғылар топтамасы 20 қыркүйекте сатылымға шығады. Компания көпшілікке iPhone 16 және iPhone 16 Pro моделін таныстырмақ. Сондай-ақ бұл жаңа iPhone телефондарының дизайны iPhone 15-ке ұқсауы мүмкін. Бірақ фотосуреттер мен бейнелерді түсіруге арналған жағында жаңа сыйымдылық түймесі сияқты жаңартулар болады деген  болжам бар. Бұған дейін Apple жаңа iOS-тың 18 нұсқасын таныстырған еді.

Похожие материалы

iPhone 16: Apple 10 қыркүйекте смартфонның жаңа моделін ұсынбақ · Todayinfo