Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Өртеніп кеткен: Оңтүстік Кореяда қазақтың 4 жігіті жол апатынан қаза болды (видео)

Оңтүстік Кореяның Кенгидо провинциясында болған жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы қаза тапқан, деп хабарлайды Korea JoongAng Daily басылымына сілтеме жасаған Todayinfo . Оңтүстіккореялық БАҚ-тың мәліметінше, ішінде Қазақстанның 4 азаматы отырған көлік жоғары жылдамдықпен жүруге

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Өртеніп кеткен: Оңтүстік Кореяда қазақтың 4 жігіті жол апатынан қаза болды (видео)
Оңтүстік Кореяның Кенгидо провинциясында болған жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы қаза тапқан, деп хабарлайды Korea JoongAng Daily басылымына сілтеме жасаған Todayinfo. Оңтүстіккореялық БАҚ-тың мәліметінше, ішінде Қазақстанның 4 азаматы отырған көлік жоғары жылдамдықпен жүруге болатын Сохэан автомагистралінде жол апатына ұшыраған. Салдарынан салонда болған азаматтардың бәрі қаза тапқан.
"Түн ортасында төрт адам мінген Mercedes-Benz көлігі Кенгидо аймағының Хвасон қаласындағы автожолдың оң жақ бетіндегі қоршауға соғылып, көлік құлап, соққыдан кейін өртенген", - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер жол апатынан кейін шамамен жарты сағаттан соң өртті сөндірген. Салоннан төрт адамның денесі табылған. Марқұмдардың аты-жөні әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта полиция жол апатының себебін анықтап жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=ym7Kp5JiHOI

Похожие материалы

Өртеніп кеткен: Оңтүстік Кореяда қазақтың 4 жігіті жол апатынан қаза болды (видео) · Todayinfo