Бұл туралы "НеМолчи.kz" қорына қыз азаматша құрбысының Камбоджада тұтқында болғанын, онда оны күштеп ұстап, зорлық-зомбылық көрсетіп жатқанын айтқан. Жағдай туралы қор басшысы Динара Смайылова қызды құтқару үшін барынша бұл ақпаратты көбірек жариялап, таратып ресми органдарды көмектесуге шақырып отыр.
Қыздың айтуынша, оның құрбысы отбасындағы қиын қаржылық жағдайға байланысты Камбоджаға қытайлық компанияға ақша табу үшін кеткен. Алғашында жұмыс қалыпты болып көрінді, бірақ кейінірек нағыз сұмдық басталған. Оның төлқұжаты алынып,жүріп-тұру еркіндігі шектеліп, қатаң бақылауда жатақханаға орналастырылады. Содан кейін қоқан-лоққы мен ұрып-соғу басталған.
"НеМолчи.kz" қоры Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігімен байланысқа шыққан. Өйткені Камбоджада елдің дипломатиялық өкілдігі жоқ. Алайда, Смайылованың айтуынша, дипломаттар төрт күннен бері еш хабарсыз. Жағдайға қатысты әлі белсенділік танытпаған."Бірде ол полицияға қоңырау шалған, бірақ оны ұстап отырғандар сол жерде полицияны сатып алған. Полиция көмектесудің орнына оны қараусыз қалған сарай-қораға қамап кеткен. Қазір ол жан түршігерлік жағдайда еш жуынбастан, дәретханаға кіре алмастан лас еденде жатуға мәжбүр. Оны тоқтаусыз ұрып-соғу денсаулығын нашарлатып, жүрек ауруына ұшыратқан. Ол маған қатаң бақылауға қарамастан телефонмен жасырынып, байланысқа шыға алды. Оны ұрып – соғу әлі жалғасып жатыр. Ол өз өмірі үшін қорқады", – деді қыздың құрбысы қорға.
Сурет: Dinara Smailova/Facebook"Енді уақыт жоқ! Біз көмектесе алатындардың бәрінен жәрдем сұраймыз. Әлеуметтік желілерде шу шығарып, белсенділік танытып ресми органдарды, БАҚ-ты, блогерлерді, халықаралық ұйымдарды белгілеңіз. Адамды құтқаруға көмектесіңіз!"— деп мәлімдеп отыр қор басшысы Динара Смайылова.



