Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшысын қабылдады
Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысына холдингтің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен биылғы қызметінің стратегиялық бағы

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына холдингтің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен биылғы қызметінің стратегиялық бағыттарын іске асыру жоспары жөнінде есеп берілді.
Рустам Қарағойшиннің айтуынша, «Бәйтеректің» бизнесті қолдау ісіне қосқан жалпы үлесі шамамен 2,5 триллион теңгені құрайды. Компания экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, көлік және логистика, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы сияқты перспективті салаларға басымдық беріп, оларды кешенді түрде қаржыландыруға күш салуға ниетті.
Сонымен қатар Президентке компанияның бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоспары туралы баяндалды. Басты мақсат – Қазақстанның барлық өңірінде шағын, орта және ірі бизнес жобаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту. Шағын және орта бизнес бағыты бойынша шағын және моноқалалардағы, сондай-ақ ауылдардағы кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетіледі.
Мемлекет басшысы аталған бағыттардағы жұмысты жандандыру маңызды екенін атап өтіп, жүктелген міндеттердің жоспарлы орындалуы еліміздің экономикасын нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай мүмкіндік беретінін айтты.
Похожие материалы

Главное
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Главное
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Главное
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Главное
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·