Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Қаңтарда үйіне айтпай кеткен: Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақ қызы қаза болды (фото)

Фото: kriadera.kz Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барған Ақнұр Рүстемқызы арада бір ай өтпей жатып қаза болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Марқұмның ағасы Асқар Рүстемұлының айтуынша, қазіргі уақытта Ақнұрдың  денесін елге жеткізу үшін қаражат табу және құ

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Қаңтарда үйіне айтпай кеткен: Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақ қызы қаза болды (фото)
Фото: kriadera.kz Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барған Ақнұр Рүстемқызы арада бір ай өтпей жатып қаза болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Марқұмның ағасы Асқар Рүстемұлының айтуынша, қазіргі уақытта Ақнұрдың  денесін елге жеткізу үшін қаражат табу және құжат алмасу рәсімі қиынға соғуда. Асқар жағдайды айтып, хабарласқанымен, Кореядағы Қазақстан елшілігі нақты жауабын бермеген. Яғни елшілік қызметкерлері бұл іске араласуға аса құлық танытпай отырған көрінеді. Жамбыл облысының тумасы, 23 жастағы Ақнұр Рүстемқызы 9 ақпан күні сағат 18:00-де көз жұмды. Оңтүстік Корея тарапы жүргізген тексеру актісінде қайғылы жағдайға жүрек жеткіліксіздігі мен демікпе себеп болғаны жазылған.
«Ақнұр Кореяға биыл қаңтар айында кетті. Бізге ол жаққа жұмыс істеуге кетіп бара жатқанын айтқан жоқ. Қасында жүрген бір таныс қызы сол жақта жұмыс істейді екен, соған қыдырып барған сияқты болып еді. Кейін Кореяда жұмыс істеуге болатынын білген болуы мүмкін, бірақ ол жағын толық түсіндірмеді. Соңғы рет сөйлескенімізде «Виза ашып алсам, Қазақстанға емін-еркін барып-келуіме болады» деп айтқан еді», — деді марқұмның ағасы Асқар Рүстемұлы.
Ақнұрдың отбасы мұндай диагноз туралы бұрын-соңды естімеген.
«Анамның айтуынша, соңғы кезде «Су көп ішемін, тамағым кеуіп кете береді» деп айтқан екен. Жұма күні таныстары арқылы бір дәрігерге әлде  жеке емханаға барған. Сол жерде «қант мөлшері өте жоғары, бірінші дәрежелі қант диабеті» деген диагноз қойыпты. Дүйсенбі күні ауруханаға барсын деп жазып берген. Бірақ қарындасым ол күнге жетпей қаза тапты. Сенбі-жексенбі күндері ол жақта медициналық мекемелер жұмыс істемейді екен», — деді ағасы.
sarapshy.info порталының ақпаратынша, Ақнұр Рүстемқызының отбасына әлі күнге Сыртқы істер министрлігі мен  ҚР Елшілігі тарапынан ешкім хабарласпаған. Қазіргі уақытта Кореядағы қазақтар отбасыға көмектесуге ерікті түрде ақша жинап жатыр. Фото: Оңтүстік Корея ұсынған өлім фактісін тіркеу құжаты    

Похожие материалы

Қаңтарда үйіне айтпай кеткен: Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақ қызы қаза болды (фото) · Todayinfo