Қосшы қаласында бүгін республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауқымды экоплоггинг өтіп, мыңнан астам қала тұрғынын біріктірді. Бұл акция көктемгі абаттандыру маусымындағы маңызды іс-шаралардың біріне айналып, қала мәртебесін алғанына бес жыл толып отырған кезеңмен тұспа-
Қосшы қаласында бүгін республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауқымды экоплоггинг өтіп, мыңнан астам қала тұрғынын біріктірді. Бұл акция көктемгі абаттандыру маусымындағы маңызды іс-шаралардың біріне айналып, қала мәртебесін алғанына бес жыл толып отырған кезеңмен тұспа-тұс келді.
Іс-шара барысында белсенді топтар бекітілген аумақтарды тазалап, дене белсенділігі мен экологиялық еріктілікті ұштастырды. Науқан басталғалы бері Қосшыда ауқымды жұмыстар атқарылды: су айдындарының маңы тазартылып, жасыл желектер әктелді, балалар алаңдары абаттандырылды.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев акцияның тәрбиелік маңыздылығына ерекше тоқталды:
«Құрметті жерлестер, қадірлі жастар! Бүгін біз «Жаңа қала – Таза қала» атты ауқымды экологиялық акция аясында бас қостық. Бұл шараға тек қала тұрғындары ғана емес, облысымыздың түкпір-түкпірінен келген белсенділер де қатысуда. Осындай бастамаларды қолдау – Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отырған игі іс», – деді ол.
Шағын және орта бизнес өкілдері мен қала белсенділері де бастаманы қолдап, оның практикалық тиімділігін атап өтті.
«Біз үшін Қосшы – тек жұмыс орны ғана емес, биыл алғашқы мерейтойын атап өтіп отырған ортақ үйіміз. Плоггинг – қаланы қысқа уақыт ішінде ретке келтірудің заманауи әрі тиімді тәсілі. Әріптестер мен көршілердің осындай белсенділігін көргенде, қаламыздың болашағы зор екеніне сенім артады», – деді акция қатысушыларының бірі, жергілікті кәсіпкер.

Алдағы уақытта қала билігі Қосшыда көгалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастырып, оны облыстағы ең таза әрі қарқынды дамып келе жатқан қалалардың біріне айналдыруды жоспарлап отыр.