Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Қылмыстық іс қозғалған»: Болат Назарбаевтың ұлы өгей шешесімен соттасып жатыр

Фото: Коллаж CentralMedia24kz Белгілі саяси әулет – Назарбаевтар отбасында туындаған дау сотқа ұласты. Марқұм Болат Назарбаевтың жесірі Динара Кемелханова экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Нұрбол Назарбаевқа қарсы жеке айыптау шағымын түсірген, деп хабарлайды Toda

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Қылмыстық іс қозғалған»: Болат Назарбаевтың ұлы өгей шешесімен соттасып жатыр

Фото: Коллаж CentralMedia24kz

Белгілі саяси әулет – Назарбаевтар отбасында туындаған дау сотқа ұласты. Марқұм Болат Назарбаевтың жесірі Динара Кемелханова экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Нұрбол Назарбаевқа қарсы жеке айыптау шағымын түсірген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Centralmedia24-тің хабарлауынша, Алматы облысы Қарасай аудандық сотында Нұрбол Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 131-бабы, 2-бөлігі («Бұзақылық сипаттағы балағаттау») бойынша айып тағылған.

Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың 28 желтоқсанында Динара Назарбаева мессенджер арқылы пасындықтан дауыс хабарламасын алған. Оның айтуынша, хабарламада өз ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, бейәдеп сөздер айтылған.

Динара Кемелханова — Болат Назарбаевтың төртінші ресми жұбайы. Күйеуі қайтыс болған соң ол некеде бірге жинаған мүліктің жартысына (1/2 үлесіне) құқық бар екенін айтып, өз үлесін талап етіп жүр.

Қазір сот бұл істі жеке айыптау тәртібімен қарап жатыр.

Похожие материалы

«Қылмыстық іс қозғалған»: Болат Назарбаевтың ұлы өгей шешесімен соттасып жатыр · Todayinfo