Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «АМАНАТ» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мамандарының қатысуымен «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында  форум өтті.

IMG_5549.jpeg

Онда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

IMG_5553.jpeg

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлерін ыстық сумен қамту жобасы жүзеге асырылып, бүгінде тұрғындар оның игілігін көруде.

IMG_5547.jpeg

Тұрғын үй қорын жаңарту тұрақты бақылауымызда. Үш жылда 3 млрд. 500 млн. теңгеге  65 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 1 млрд. 775 млн. теңгеге 60 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельмен қапталды, 4 млрд. теңгеге қосымша 70 тұрғын үй жаңартылуда. Аулаларға демеушілер есебінен 80 спорт, ойын алаңы орнатылды.

e7d718fb-0d9a-401b-8ef0-dab7ebd9c4d3.jpeg

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда ауқымды шаралар ұйымдастырылып келеді. Мақсат – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

IMG_5552.jpeg

Форум аясында көтерілген бастамалар еліміздегі және Сыр өңіріндегі тұрғын үй саласының дамуына оң серпін береді деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!» – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

IMG_5554.jpeg

Басқосуда Ержан Жұматұлы, Мархабат Жайымбетұлы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Тұрсынбайұлы, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ департамент директоры Марғұлан Жеңісұлы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинұлы, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Сәбитұлы, Пәтер иелері ассоциациясының Қызылорда қаласы бойынша төрайымы Ілімжаухар Кеңесқызы сөз сөйледі.