«Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаржыландыру уақтылы жүргізілсе, жыл соңына дейін барлық көшелерге су беру жоспарланып отыр», – деді жобаны жүзеге асырып жатқан ұйымның өкілдері.Бұл бастама тек инженерлік нысан ғана емес, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды әлеуметтік қадам. Таза ауыз суға қолжетімділік халықтың денсаулығын қорғап қана қоймай, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да серпін береді. Сапалы ауыз су әрбір отбасының игілігі, тұрақты тұрмыс пен сенімді болашақтың кепілі. Жоба аяқталған соң, Қараөткел ауылының тұрғындары үздіксіз әрі таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Таза ауыз су – Қараөткел тұрғындарының игілігіне!
Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ірі әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Бұл бастама ауыл өмірінің сапасын арттырып, елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын ж

Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ірі әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Бұл бастама ауыл өмірінің сапасын арттырып, елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.
Жоба аясында ұзындығы 24,1 шақырымнан асатын су құбыры желілері тартылып, 22 көше орталықтандырылған сумен қамтылады. Олардың қатарында елге танымал тұлғалардың есімдерімен аталатын Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Тұрар Рысқұлов, Шоқан Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов, Жамбыл Жабаев, Шәмші Қалдаяқов сынды көшелер бар. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлы, Бұқар жырау, Кенесары хан, Бөгенбай батыр және басқа да көшелер де таза ауыз су жүйесіне қосылады.
Ауылдың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бұл құрылыс «Су құбыры желілерін салу (1 және 2 учаске)» жобасы аясында жүргізілуде. Құрылыс аяқталғаннан кейін су жүйелері әрі қарай тұрақты қызмет көрсету және пайдалану үшін «Целиноград Су арнасы» ШЖҚ ГКП балансына берілмек.
Похожие материалы

Акмолинская область
Эра комплексных решений: как Aqmola Urban Forum меняет философию казахстанских городов
Жаннұр Еділбаева·

Акмолинская область
Ақмола облысында мәдениет пен өнер саласының майталмандарына құрмет көрсетілді
Жаннұр Еділбаева·

Акмолинская область
В Бурабайском районе реализуют крупные инфраструктурные проекты
Жаннұр Еділбаева·

Акмолинская область
Ақмола облысында «ЮНИСЕФ Жастары» еріктілер хабы ашылды
Жаннұр Еділбаева·