Todayinfo.kz
ПолитикаСмотреть все материалы

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
📷 Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.

Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.

Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.

Похожие материалы

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті · Todayinfo