Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Трамппен жанжалдан кейін Зеленскийді Ұлыбритания премьер министрі қошаметпен қарсы алды

Зеленский Ұлыбритания премьер-министрінің шақыруымен Лондонға келді. Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен Зеленский арасындағы дауға ұласқан кездесуден кейін Ұлыбританияға келген Украина президенті өзін құшақ жая қарсы алған Ұлыбритания премьер-министріне өз Елінің «осындай до

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Трамппен жанжалдан кейін Зеленскийді Ұлыбритания премьер министрі қошаметпен қарсы алды
Зеленский Ұлыбритания премьер-министрінің шақыруымен Лондонға келді. Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен Зеленский арасындағы дауға ұласқан кездесуден кейін Ұлыбританияға келген Украина президенті өзін құшақ жая қарсы алған Ұлыбритания премьер-министріне өз Елінің «осындай достары барына» қуанышты екенін айтты. Премьер-министр Сэр Кейр Стармер: Владимир Зеленскийге «Біріккен Корольдік Украинаға толық қолдау көрсетеді, Біз қанша уақыт қажет болса да, сізбен және Украинамен біргеміз» деп айтты деп жазады Британдық BBC агенттігі. Сондай-ақ бүгін Зеленский мен Сэр Кейр Украинаның әскери жеткізілімдері үшін 2,26 миллиард фунт стерлингтік несиеге қол қойды, ол Ресейдің тыйым салынған активтерінен түсетін пайда арқылы өтеледі. Кездесуден кейін Сэр Кейр Трамппен және Франция президенті Эммануэль Макронмен сөйлесті. Ұлыбритания Премьер-министрі жексенбі күні Лондонда Еуроодақ көшбасшыларның “Ресей-Украина соғысын тоқтатуға күш салу”, сондай-ақ Еуропаның “кеңейтілген қорғанысы” туралы саммитін өткізеді, оған Зеленский қатысады әрі Зеленский Ұлыбритания патышасы Чарльз III -пен де кездеседі. Трамппен болған жаңжалдан кейін, Зеленскиді Ұлыбритания премьер-министрінің Лондонға шақыруы - Зеленский үшін үлкен қолдау болды. Зеленский Доунг көшесі 10 мекен-жайында Сэр Кейр мен кездескен кездегі сыртта естіген қошеметтерді еске алған Сэр Кейр Украина басшысына: «Бұл Ұлыбритания халқы сізді қаншалықты қолдайтынын көрсетеді» - деді. Ол: «Біз қанша уақыт қажет болса да, сізбен және Украинамен біргеміз», - деп қосты. Зеленский: «Мен сыртта көптеген адамдарды көрдім және осы соғыстың басынан бері осындай үлкен қолдау көрсеткендеріңіз үшін сізге, Ұлыбритания халқына алғыс айтқым келеді», - деп жауап берді. Ол жексенбі күні корольмен кездескеніне қуанышты екенін және еуропалық саммитке алғысын білдірді.

Похожие материалы

Трамппен жанжалдан кейін Зеленскийді Ұлыбритания премьер министрі қошаметпен қарсы алды · Todayinfo