Түркістан облысында заңсыз 13 ойын залының жұмысы тоқтатылды
2024 жылдың 9 айында департамент қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесіне қарсы 10 қылмыстық іс тіркеліп, 13 заңсыз ойын залының жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, 2 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 2 заңсыз онлайн ойыны және 500-ге жуық заңсыз ойын сайттары бұғатталды. Бұл туралы ө

2024 жылдың 9 айында департамент қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесіне қарсы 10 қылмыстық іс тіркеліп, 13 заңсыз ойын залының жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, 2 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 2 заңсыз онлайн ойыны және 500-ге жуық заңсыз ойын сайттары бұғатталды. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Диас Сүлейменов мәлімдеді.
«2023-2024 жылдары аралығында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардан жалпы құны 63 667 965 теңгені құрайтын 4 жылжымайтын мүлік пен 5 автокөлік тәркіленді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ұйымдастырушыларды құқықтық жауапкершілікке тарту мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігіне хабарлама жіберілді. Өңір азаматтары заңсыз ойын залдары мен казино ойынханасын көрген жағдайда «Telegramm» әлеуметтік желісіндегі арнайы «АФМ insider» чаты арқылы анонимді арыз-өтініш тастай алады. Түркістан облысы аумағында заңсыз ойын бизнесімен күресу және жолын кесу үшін облыстағы құқық қорғау органдары және жергілікті билік органдарымен, БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, ауыл билерімен өңірдегі тұрғындарымен бірге тұрақты жұмыстар жүргізілуде»-деді спикер.
Похожие материалы

Новости
Жарығым сөнді: Нұрлан Өнербай трагедияға тап болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығуөтеді: қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Астане пройдут специальные тактические учения: движение будет временно ограничено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақмыс кәсіпорындарында аумақты абаттандыру жұмысы жүргізілді
Жаннұр Еділбаева·